Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің асына неге бармады

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алу асына қатыспады, деп хабарлайды paryz.kz Ulysmedia сайтына сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің асына неге бармады
фото: әлеуметтік желіден

Ниетімді қабыл етсін, өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын, әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым , – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар әкесі Мұхамедьяр Өмірбекұлының рухына да арнап, Қарағанды облысында ас берген. 

Мақпал, асқа келе алмады. Әкең мен Зәкеңе оқылған Құран қабыл болсын! Күн райының күрт бұзылуына байланысты үлгермеді. Алла да, ел де риза. Зәкеңнің артында қалған ұрпақтары аман болсын! Мерей қызыңның қызығын көр. Ешқандай ренжіме. Елдің сөзін көңіліңе алма!, – деп сәлем жолдады әншінің анасы.