Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Дипломмен емес, біліммен дәлелдеу": БҒМ жоғары оқу орындарына өзгеріс енгізді

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары түлектерге жеке үлгідегі дипломдар беретін болады. 

 

"Дипломмен емес, біліммен дәлелдеу": БҒМ жоғары оқу орындарына өзгеріс енгізді
Фото: ашық дереккөз

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары түлектерге жеке үлгідегі дипломдар табыстайтын болады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Үміткер жұмыс берушінің алдында диплом үлгісімен емес, білімімен, дағдыларымен дәлелдеу қажет. Дипломдарда жоғары оқу орны, білім беру бағдарламасының атауы, бітірушінің деректері, оқыту нысаны көрсетілуі тиіс. Берілген дипломға дербес жауапты болатын ректордың қолы болуы керек. БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, хабарламада әр дипломда  қорғаныс белгілерінің болуы керектігі айтылған. 

"Жоғары оқу орнының осы оқу орнында оқымаған, білім беру бағдарламасын аяқтамаған адамға диплом беруі лицензиядан айыру және аккредиттеуді кері қайтарып алу үшін негіз болады. Жеке үлгідегі дипломдарды қолдан жасау - ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік көзделген", – деді М.Дәуленов.