Өскемен көшелерінің бірін су басты (ВИДЕО)

Әкімдіктің хабарлауынша, апат 31 қаңтарда күндізгі сағат үште болған. 

Өскемен көшелерінің бірін су басты (ВИДЕО)
фото: ТЖМ

Өскеменде су құбырындағы апат салдарынан қала көшелерінің бірін су басты, деп хабарлады paryz.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, апат 31 қаңтарда күндізгі сағат 3-те болған. 

"Гараж кооперативі ауданында Мызы көшесінің бойында 7 метр тереңдікте жатқан су құбырында диаметрі 500 миллиметрлік жарық пайда болды. Салдарынан бірнеше көшені су басты. Сағат 16:00-де апат аймағының суы тоқтатылып, Шмелев Лог аумағын суық сумен жабдықтау қысымы төмендетілді. Жедел қалпына келтіру тобы төтенше жағдайды жою шараларын шұғыл қолға алды", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, кәріз суының ағындыларын сорып, тазалауға арнайы көліктер жұмылдырылды.