Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

​«Омырауым үшін әкем де, күйеуім де ұялған жоқ»: Жазира Байырбекова ұзатқан қыз өзіне қатысты қауесетке жауап берді​

Әнші Жазира Байырбекованың әнімен ұзатылған Керім-Сұлу Найманбаева әлеуметтік желіні шулатқан видеоға қатысты жауап берді, деп жазды Paryz.kz Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

​«Омырауым үшін әкем де, күйеуім де ұялған жоқ»: Жазира Байырбекова ұзатқан қыз өзіне қатысты қауесетке жауап берді​

«Менің ұзату тойым қоғамның назарын аударады деп ойламадым. Мен жұрт айтқандай эскортница емеспін, ішпеймін, шекпеймін. Бұрын тұрмыста болмағам. Ешқашан жаман тірлік жасамағанмын. Мұның бәрін мені мақтасын деп емес, мен туралы қауесетті таратпасын деп айтып отырмын.

Құдайға шүкір, толыққанды отбасынан шыққанмын. Көзім ашық, көкірегім ояу, тәрбие көргенмін. Қазақпын, қазақша сөйлеймін. Тойымда Жазира Байырбекованың ұзатқанын өзім қаладым. Ұлттық киімді ұзату тойымда кигім келмеді, шынымды айтайын. Сәукеле киер едім, тек келбетіме жараспады, содан кимедім.

Тойдағы ең әсерлі сәт – әкеммен вальс болды. Папам жылаған кезде жүрегім езілді, өзімді әрең ұстадым. Видеода әкем «қызымның омырауы бар екен, көрініп тұр екен» деп жылап жатқан жоқ. «Қызым бойжетіп, үйден кетейін деп жатыр» деп қимастықтан көңілі босап, жылап жатыр. Осы жұрт неге біреудің қуанышына ортақтаса алмайды?! Мен не киіп шықтым, кімге күйеуге тидім, сіздерге оның қатысы қанша? Мені сынамас бұрын өздеріңе қарап алыңдар!» деді Керім-Сұлу.

Айта кетейік, Керім Сұлу Найманбаева өзінің ұзату тойына кеудесі ашық көйлек киіп, сәукелесіз ұзатылды. Оны әнші Жазира Байырбекова өзінің «Инстаграмына» салып, «Бүгін ұзатылатын аруымыз Керім-Сұлу» деп жазды. Ал оған ел әртүрлі пікір жазды. «Көйлекті қоя беріңізші, бедірейген түрін айтсаңызшы, «кесіп ал» деп тұр ғой», «Біреуді жұлайын деп бара жатқан сияқты екен», «Анау әннен обал болды», «Жалаңаш кете салмапты да», «Мынадай келіннен Құдай сақтасын, «Жазира тапсырыс алғанына өкініп кеткен шығар» деп жазды көпшілік.

Керім-Сұлу Найманбаева өзінің жеке парақшасында күйеуінен 25 жасқа кіші екенін, оның бірінші некесінен бір қызы барын айтты.

«Күйеуім бір жерде ген.директор, басқасы құпия. Мен некеге қарсымын, сондықтан маһрге ештеңе сұрамадым. Тек қалықмал берді. Мен оның заңды әйелімін. Күйеуім ұялып, «ұзату тойын жасамай-ақ қойсақ қайтеді» деп айтқан. Бірақ мен «той болмаса саған тұрмысқа шықпаймын» дедім. Бұйырса үлкен тойымызды күзде жасаймыз. Ал әзірге бал айына Мальдив аралдарына баруды жоспарлап отырмыз» деді ол.