Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазақстан үшін өмірімді қиюға әзірмін": рудныйлық орыс Ресей депутаттарына шүйлікті (ВИДЕО)

"Мен ант қабылдап, әскерде болған жігіттерге "Отанды сатпайық" деп қадап айтқым келеді", - деді ол.

"Қазақстан үшін өмірімді қиюға әзірмін": рудныйлық орыс Ресей депутаттарына шүйлікті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде өзін "Артем, Рудный қаласынанмын" деп таныстырған адам Ресей думасы депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқан даулы мәлімдемелері мен мұндай депутаттарға іші жылитын қазақстандықтар туралы не ойлайтынын жеткізген видео тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz, КазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Әлдебір кіреберістерде айтылып жатқан әңгімелерге қатысты былай дегім келеді: қазақтар, сіздер бізге бауырсыздар. Орыстардың барлығы ондай емес. Ант берген, сол антына адал дұрыс жігіттер де бар", - деген ол, ресейлік депутаттардың сөзін қолдаушылар "әскерде болмағандар немесе ант қабылдай тұрып, оны жете түсінбегендер" деп есептейтінін айтқан.

"Қазақ жерін оңай ала қоя алмайсыңдар. Мен мұны ресейлік барлық депутатқа айтып отырмын. Мен қазақ халқына ант бергем, Қазақстан үшін өмірімді қиюға әзірмін", - делінген видеода.

Оның айтуынша, осылай істеуге даяр тұрған көптеген этностар бар. Сонымен қатар ол қазақ тілін үйренуге шақырып, өзі сияқты ойын ашық білдіргісі келетіндер аз екенін айтты. Сөзінше, оларды ұстанымы үшін сөгуі мүмкін.

"Мен ант қабылдап, әскерде болған жігіттерге "Отанды сатпайық" деп қадап айтқым келеді", - деді ол.

Бұл ретте эмоцияға берілген жас жігіт кейде бейәдеп сөздер қолданған.