Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ұлу жылында бізді не күтеді?

Күнтізбе ауысқан сайын сол жылдың беталысын бағамдайтын қазір түрлі маман көп. Әрине, адам баласы алдында не боларын нақты аңдамаса да, ғылым дамыған заманда шама-шарқынша болжау трендке де айналғандай

Ұлу жылында бізді не күтеді?
Сурет: astroigoro.ru

Әлімсақтан түркі жұрты, оның ішінде қазақтар Ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған.
Нумеролог, астролог ғалымдар да келе жатқан жылға қатысты жағымды болжамдарын білдіруде.

"Келер жылымыз халқымызға молшылық, жақсылық, бейбітшілік, тоқшылық әкеледі. Ауа райы жөнінен алып айтқанда, ұлу дымқыл жерде өмір сүреді. Сондықтан жазда жаңбырлы, егін бітік, шөп шүйгін шығады деп қаралады. Сондықтан бұл келетін жылды бүкіл әлемге, халқымызға жақсылық жыл деп есептеймін", - деді астролог Болат Бопай.

Нумеролог Әдемі Мәуленова келе жатқан жылды қайырымды істермен бастаған дұрыс деп санайды.

«2024 жыл табысты жыл. Кейбір адамға осындай төмен жыл деп саналады. Бірақ та төмен жыл болмау үшін өте маңызды жылдың басынан бастап біреуге көмектесіп, кешірім сұрап, кешірімді болу керек. Және де барлық құжатқа тиянақты болу керек. Өйткені 2024 жыл 0439, яғни шашыраңқы адамдарды ұнатпайды. 2024 жылы өте тиянақты болу керек», - дейді нумеролог.

Жақсы сөз – жарым ырыс демекші болашақтан тек жақсылық күтіп, ертеңгі күнімізді түзу ниетпен қарсы алған жөн. Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерімізге жол ашып, алар асуларымыз көп болсын.