Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Қорқынышты, ұят әрі өте қиын»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты және балаларының қазіргі жағдайы туралы әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қорқынышты, ұят әрі өте қиын»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: kokshetau.asia

Ол көп уақыттан кейінгі үнсіздікті қойып, пікір білдіруді жөн санаған.

Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға және маған не болып жатқанын түсіну үшін уақыт керек болды. Балаларым және мен Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен Салтанатпен жеке таныс емес едім. Алайда балаларым онымен дос болып, Салтанатты ашық-жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады, – деп жазды Назым Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол балаларының бұл қайғылы оқиғаны қалай қабылдағанын айтып берді.

Бұл нәрсені балалырмның ең жақыны, тірегі, қолдаушысы болуы керек адам жасағаны ауыр тиді. Қорқынышты, ұят әрі өте қиын.  Балаларым басынан өткерген қиыншылық, әрине Салтанаттың туыстарының азабының жанында түк емес. Бірақ балаларымның жақсылық пен мейірімнің жағында болатынына сенемін, – деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.