Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Нұрсұлтандықтар дәрі-дәрмек ұрлап жүр (ВИДЕО)

Ұрының олжасы – жалпы құны 178 мың теңге тұратын трамадол есірткісінің үш қорабы болды...

Нұр-Сұлтанда дәріханадан трамадолдың үш қорабын ұрлау процесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция бөліміне дәріханадан дәрі-дәрмектердің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олар бөлмеге алдыңғы есіктен кірген. Ұрының олжасы – жалпы құны 178 мың теңге тұратын трамадол есірткісінің үш қорабы болды.

Тергеу барысында полиция бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған астананың 28 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның өз қылмысын мойындағанын хабарлады. Сонымен қатар, дәріхана жанында оны күтіп, ұрланған дәрі-дәрмектерді шығаруға көмектескен оның үш танысы болды. Олар бұған дейін де дәрі ұрлаумен айналысқан болып шықты.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылып, сыбайластары да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.