Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қара бүркіт" түрмесінің бастығы 8,5 жылға сотталды

Жітіқарадағы "Қара бүркіт" түрмесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді. Олардың арасында Арқанкергенде қаруластарын "қырып салған" Владислав Челах пен алматылық лаңкес Руслан Күлікбаев та бар.

"Қара бүркіт" түрмесінің бастығы 8,5 жылға сотталды
фото: ашық дереккөз

Жітіқарадағы "Қара бүркіт" аталып кеткен түрменің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты. Сотталушыдан 700 мың теңге пара алды деп айыпталған Арман Әбілевтің енді өзі де 8,5 жылын темір торда өткізетін болды, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Ең ауыр қылмыс жасап, ұзақ мерзімге жаза арқалағандар отыратын түрмедегі жазасын өтеушіге қамқорлық жасағаны үшін Әбілев ақша алған. Сондықтан ол былтыр тамыз айында қамауға алынған еді.

Арман Әбілев келісілген 1 млн теңгенің 700 мыңын ғана алып үлгерген. Кейін оны қайтарып беріпті. Сотта "Қара бүркіттің" бұрынғы бастығы өзіне тағылған айыпты толық мойындап әрі осы ісі үшін өкінетінін жеткізген. Енді ол 8,5 жылға сотталып қана қоймай, өмір бойына мемлекеттік қызмет және құқық қорғау саласында қызмет ете алмайды. Сондай-ақ подполковник шенінен де айырылды.