Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Марғұлан Сейсембайдың қыр соңына түскен кімдер?

Оның сөзіне сенсек, биліктегі белгілі бір адамдар ақшаға сатылатын белсенділер, блогерлер мен боттарды "жалдаған".

Пост на русском внизу 👇 Достар, желілерде мен туралы даурықпа әңгімелер жүр. Менің қандай жаман, өтірікші, нашар адам...

Опубликовано Маргуланом Сейсембаем Пятница, 29 января 2021 г.
Марғұлан Сейсембайдың қыр соңына түскен кімдер?
фото: ашық дереккөз

Зеленскийдің жанында жүрген қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook-тегі парақшасына біреулердің қыр соңына түсіп алғанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Менің қандай жаман, өтірікші, нашар адам екендігім турасындағы материалдар таратылуда. Қысқасы, сырты бүтін, іші түтін адам болып шықтым", - дейді Марғұлан Сейсембай.

Айтуынша, мұның бәрі - ақшаға сатылатын белсенділер, блогерлер және боттары арқылы биліктегі белгілі бір адамдардың жасап отырған ісі.

"Оларға өз месседжімді жеткізгім келеді. Мен саясаткер емеспін, сіздер сияқты ешқайда сайлауға түсейін деп жатқаным жоқ. Ешкімнің алдында ақталмаймын. Сондықтан сіздердің менің беделімді түсіру мақсатында жасап жатқан тірліктеріңіз маған еш әсер етпейді. Егер менің жазылмандарымнан кімде-кім осындай былапытқа еретін болса, мұндай оңбағанды оқудан бас тартсаңыз болады", – дейді кәсіпкер.