Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Өзімді зат сияқты сезіндім»: қазақстандық әйел Катарға сапары туралы

26 жастағы алматылық Әнел Катарға барып, Tengritravel.kz тілшісімен елге қатысты бақылаулары мен әсерімен бөлісті.

«Өзімді зат сияқты сезіндім»: қазақстандық әйел Катарға сапары туралы
Фото:depositphotos.com

Қазақстандық әйел Катардағы менталитет біздікіне ұқсас екенін айтты. Ол жергілікті тұрғындардың заманауи және тарихи сәулет туындыларын үйлесімді үйлестіру қабілетіне тәнті болды.

"Мемлекеттік мекемелердегі аймақтардың "ер" және "әйел" деп бөлінуі мен үшін жаңалық болды. Мен Дубай метросында осындай нәрсені көрдім, бірақ ерлер мен әйелдерге арналған бөлек аймақтардың болуы мені таңғалдырды.

Мен көптеген мұсылман елдерінде болдым, бірақ неге екені белгісіз осы жерде өзімді адам емес, зат сияқты сезіндім. Мен әріптесіммен таксиде отырдым, ал жүргізуші менің сұрақтарыма немқұрайлы қарап, тек ер адаммен сөйлесті. Мен бұрын-соңды мұндай нәрсені кездестірмедім.

Сондай-ақ, мені іш киімдегі қыздардың суреттері тыйым салынғандар санатына жатқызғанына таңғалдырды, сондықтан олар "цензураға" ұшырайды: кеуделер қара түспен боялады. Іш киімнің жарнамасын көру біртүрлі", - деді бойжеткен.