Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

БҚО әкімінің орынбасары карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл төледі

З.Мәжитованың өзі коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі аудандық мониторингтік топтың жетекшісі бола тұра, маска тақпауын жалғастырып, карантин тәртібін биылғы қаңтар айында да бұзған...

БҚО әкімінің орынбасары карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл төледі
inform.kz

Батыс Қазақстан облысында маска тағу режимін бұзған Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитоваға айыппұл салынды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

І.Мәжитованың сөзіне қарағанда, ол алдымен аудан әкіміне, содан кейін полицияға шағым түсірген. З.Мәжитованың өзі коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі аудандық мониторингтік топтың жетекшісі бола тұра, маска тақпауын жалғастырып, карантин тәртібін биылғы қаңтар айында да бұзған.

Қазталов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаровтың айтуынша, І.Мәжитованың арызы бойынша 3 желтоқсан күні аудандық полиция бөлімінен Зәйлім Мәжитованың карантин режимін бұзғаны туралы әкімшілік іс құжаттары келген.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, оған 230 АЕК көлемінде 638 940 теңге айыппұл салынды.

"Осы кодекстің 810-бабында көрсетілген әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негізінде Зәйлім Мәжитова 7 күннің ішінде айыппұлдың 50 пайызын, яғни 319 470 теңгені төледі. Яғни кодекске сәйкес, қысқартылған іс бойынша 7 күн ішінде төлесе, айыппұл өтелген болып саналады. Бұл кісіге байланысты одан басқа іс түскен жоқ», - деді Т.Хайдаров.