Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматы облысында әйел 3 баласын дүние-мүлікке айырбастап жіберген

Дегеніне қол жеткізген әйел көлікпен келіп, балаларды үйінің қақпасына әкеп тастайды. Сол сәтте балаларының кішісі небәрі 11 айлық болған.

Алматы облысында әйел 3 баласын дүние-мүлікке айырбастап жіберген
фото: дереккөз

Талдықорған қаласы маңындағы Еңбек ауылында тұратын 3 баланың әкесі 44 жастағы Сұлтан Ахметов "Әкемізге қалыңдық" жобасының редакциясында өз тағдырын баяндады, деп хабарлады paryz.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  

Бағдарлама кейіпкерінің айтуынша, 7 жылдан кейін әйелінің жүріс-тұрысы өзгере бастаған. Ол үйден ұзын етек киіп шығып, табалдырықтан аттай сала ашық-шашық киімін, басына паригін киіп, басқа адаммен кездесіп жүріпті.

Күйеуі жарының опасыздығын біліп қойған кезде көзіне шөп салған әйелі күйеуін тастап, балаларды алып кеткен. Бұл жайт Сұлтанды есеңгіретіп жіберді. Тек балалары өзіне оралғанда ғана есін жиды. Балаларды күйеуіне оп-оңай бере салған әйел оған шарт қояды. Бірінші баласы үшін джип, екіншісі үшін үй, үшіншісі үшін жиһаз дүкенін талап етеді.

Балалардың әкесі ойланбастан әйелінің сұрағанын берді. Дегеніне қол жеткізген әйел көлікпен келіп, балаларды үйінің қақпасына әкеп тастайды. Сол сәтте балаларының кішісі небәрі 11 айлық болған. Тағдырдың тәлкегіне тап болған Сұлтан балалары үшін өз-өзін қолға алып, қиындықты еңсеріп келеді. Мақтауға тұрарлық азамат бүгінде жобаға қатысып, өзіне жар табудан үмітті.

"Мен әлі жаспын, сондықтан шынайы жар сүйіспеншілігіне лайықпын", – дейді Сұлтан.

Жоба командасы психологпен кеңесе отырып, Сұлтан үшін таңдаған әйелдің есімі – Гүлназ. Жасы 39-да. Ол – Алматы қаласының тумасы. Қалалық әйел Сұлтанмен, оның анасы мен балаларымен бірге ауылда тіршілік ете ала ма? Оны уақыт көрсетеді.