Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Айнұр Тұрсынбаеваның 300 мың теңгелік курсын қанша адам алатыны белгілі болды

Алғашында айтыскер ақын болып танылып, кейін «мотиватор-психолог» болып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның онлайн қызметтері заңды ма, заңсыз ба деген сұраққа заңгер Нұрсұлтан Орынбек «Сұрауы бар» Youtube-арнасындағы сұхбатында жауап берді.

Айнұр Тұрсынбаеваның 300 мың теңгелік курсын қанша адам алатыны белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Еске сала кетсек, Айнұр Тұрсынбаваның кеңес беру үшін 300 мың теңге, жеке кездесу үшін 1 миллион теңге сұрайтыны қоғамда қызу талқыланған болатын. Ақылы қызметтері жайлы ақын өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Заңгердің айтуынша, оқырмандардан сұраныс көп түскеннен кейін ол Тұрсынбаеваға хабарласыпты.

Айнұр апайымызға хабарластым. Мәселе туындап, сөз еріп жатыр, өзіңіз де айтыпсыз дедім. Ол өзіне қорқып, үрейленіп жүрген, өлім туралы жиі ойлайтын азаматтардың хабарласатынын жеткізді. 300 мың теңгені күнде істеп жатқан жоқпын, айына 4 адамнан ұсыныс түседі, соларды тыңдап, оларға психологиялық кеңесімді беремін дейді. Ал 1 миллиондық кездесуді ол кісі жоққа шығарды, - дейді заңгер.

Ал Айнұр Тұрсынбаваның бұл тірлігін алаяқтық деуге бола ма деген сауалға маман заңдық тұрғыда атқарылса, алаяқтыққа жатпайтынын және ол заңның олқылығы екенін жеткізді.

Ол өз қызметін заңды түрде ұсынатынын, чекті де беретінін айтты. Қызметін заңды көрсетіп, азаматтардан сұраныс түсіп жатса, жұмысы заң аясында болса, алаяқтыққа жатпайды. Егер менің қолымда заңды өзгерту күші болса, жоқты бар қылып көрсететіндерді алаяқтық бабының ішіне кіргізер едім, - дейді Нұрсұлтан Орынбек.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.