Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкенттік спортшылар биыл дүбірлі додаларда 728 алтын медаль жеңіп алды

Ұлт денсаулығын бекемдеу – маңызды мәселе. Мемлекет басшысы спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуы үшін бұқаралық дене шынықтыруды жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналдыруда нақты тапсырмалар жүктеген болатын, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкенттік спортшылар биыл дүбірлі додаларда 728 алтын медаль жеңіп алды

Осы бағытта мегаполисте бұқаралық спортты дамытуға ден қойылып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

Бүгінде қалада бұқаралық спортпен шұғылданушы саны 42 пайызға жетті. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» пайдалануға берілді. «Металлург» стадионы қайта құрылып, 1 спорт мектебі іске қосылды, – деді қала әкімі.

Биыл қала спортшылары Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 728 алтын, 593 күміс, 654 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ендігі кезекте шымкенттік команда Еуропаның чемпиондар лигасында ойын көрсетеді.