Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев арасындағы кикілжіңінен хат алмасу скрині пайда болды

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасында болған кикілжіңнен хат алмасу пайда болды. Хат алмасудың скриншоты "Көреміз" бағдарламасында жарияланды, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев арасындағы кикілжіңінен хат алмасу скрині пайда болды
Фото: видеодан скриншот

Бағдарламада белгілі болғандай, екі жас отау құрғаннан кейін арада 6 ай өткен соң Бишімбаев жас келіншегін жиі ренжітуді шығарған.

"Бұл хат алмасу қазанда болған. Кезекті кикілжің болса керек, Бишімбаев Салтанаттан кетпеуін өтініп, түзелуге серт береді. Ізінше мешітке барған, күйеуінің сөзіне сенген жас келіншек қайта кешіріп, отбасындағы қиындықты барынша өзі шешуге тырысқан", - дейді Руслан Өтепбай.

Салтанат Нүкенова күйеуімен арасындағы кикілжің туралы құрбыларынан бөлек, анасына да айтқан. Қызының қиналғанын көріп, үйге қайтуын сұрапты. Алайда тілге шешен күйеу бала жалынып, Салтанатты райынан қайтарып алған. 

"Жазда төркініне барғанда ата-анасы арадағы қарым-қатынастары қиындап кеткенін, күйеуінің мінезі ауыр екенін айтыпты. Ата-анасы жарайды олай болса, үйге қайт деген. Бірақ уақыт өтпей Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып, ұзақ уақыт бойы артынан қалмай, қайтып келуін өтініп жүрді. Қалай көндіру керегін жақсы біледі, ал Салтанат өте мейірімді, жанашыр қыз ғой, оны аяп қайта барды. Бишімбаевтың жан дүниесіндегі мәселені анықтау үшін оған жақсы отбасылық қарым-қатынас орнатуға көмектесер деген оймен психолог жалдады", - дейді Салтанаттың кіндік шешесі Мәрзия Оспанова. 

Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов қарындасының өліміне себеп болған адамды кешіруге құқысы жоқ екенін жеткізді. 

"Біздің кешіруге, татуласуға еш құқымыз жоқ, Моральдық тұрғыдан да еш дәтіміз бармайды. Егер бұл адам бостандыққа шықса, міндетті түрде тағы біреуді өлтіреді. Мұндай трагедия тағы бір рет қайталанатын болса, біздің ар-ұятымызға сын болады, сондықтан татуласпаймыз", - дейді Қайрат Нүкенов. 

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.