06.12.2023, 21:52

«Алты келін бір шаңырақ астында тұрады». Түйе сауып жүрген абысындар желіні тәнті етті

Фото: видеодан скриншот

Фотограф Ернар Алмабек Маңғыстау облысына сапары барысында түйе сауып жүрген абысындарды суретке түсірді. Ауылдағы әдемі көрініс Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

Видео Сенек ауылында түсірілген. Кадрларда абысындар бір шаңырақ астында алты келін тұратынын айтады. 

- Алты келін бір шаңырақтың астында?

- Иә, екі келін Өзенде, біреу жұмыспен, біз үйдеміз баламен, қалған келіндердің кішкентайлары бар. Үш ағайындыдан тараған балалар ғой. Біз немере келіндерміз осы үйде.

- Екеуміз немере келінбіз. Бірақ туған апам сияқты.

- Бәріміз бірге тұрамыз, ешкім бөлінбейді, бір үйде тұрған соң бір үйдің балаларымыз", - дейді келіндер видеода.

"Абысын тату болса, ас көп. Ағайын тату болса, ат көп" деген осы болса керек", - деп жазды Ернар Алмабек.