Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

ШҚО-да алаяқтық жасаған шенеунік сотталды

Ол инжениринг компаниясының директорынан технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөнінде шарттар жасасуға қамқорлық көрсету үшін 7 млн теңге заңсыз қаржы алған...

ШҚО-да алаяқтық жасаған шенеунік сотталды
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облыстық Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы бастығына қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол қызметтік лауазымын пайдаланып, алаяқтық жасады деп айыпталған. Яғни өлкедегі инжениринг компаниясының директорынан технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөнінде шарттар жасасуға қамқорлық көрсету үшін 7 млн теңге заңсыз қаржы алған. Енді шенеунік 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Ол 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жаза тағайындаумен сотталды", - деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.