Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бірлік пен келісім – ел тұрақтылығының кепілі

Шымкент қаласында «Бейбітшілік және келісім» жобасы бүгін Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бірлік пен келісім – ел тұрақтылығының кепілі

Жоба аясында қала әкімдігі тарапынан әртүрлі сала өкілдерінен құрылған арнайы топ Сәуле шағынауданы №76 мектепте қоғамдық қабылдау өткізді.

Арнайы топтың құрамында – қалалық ішкі саясат және жастар істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары, полиция мен прократура өкілдері, дін, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандары бар. Шағынаудан тұрғындары мамандырдың қабылдауында болып, толғандарған мәселесін жеткізді.

–Бүгінгі қоғамдық қабылдауға Забадам шағынауданындағы 5 көшеге бейнебақылау камерасын орнатып беру мәселесімен келдім. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аудан әкімдігі мен аудандық Полиция басқармасына өтінім берген едік. Өтінішіміз қолдау тапқанын есіткенде қуанышымызда шек болмады. Жоспар бойынша камералар орнатылуы тиіс Екінші мәселе – жастар арасында синтетикалық есірткі саудасы. Қолымдағы барлық мәліметті тәртіп сақшыларына жеткіздім. Полиция бүгіннен бастап індеттің жолын кесуге барын салатынын айтты, - деді Забадам шағынауданынан келген тұрғын.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету және инфрақұрылым мәселесін жеткізуде. Бүгінгі жиынға жұмыспен қамту жөнінде ақпарат алуға келген 59 жастағы Ажаркүл Шайдақова да бар.

–Жасымыз алпысқа жақындағанда бізді көп мекеме жұмысқа қабылдағысы келмейтінін көріп жүрміз. Бүгінгі қабылдау арқылы осы мәселені көтермекшімін. Нарық заманында зейнетке дейін жұмыссыз жүргенім болмас, –дейді тұрғын.

Қоғамдық қабылдау барысында А. Шайдақоваға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері «Күміс жас» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасу жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

«Бейбітшілік және келісім» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынысымен бұған дейін қаладағы әр ауданда ұйымдастырылған болатын. Қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақовтың айтуынша, мұндай іс-шара халықтың көкейіндегі бірқатар мәселені шешуге оң ықпал етеді.

–Қоғамдық қабылдау негізінде ұйымдастырылған әр іс-шараға 50 -ге жуық тұрғын белсенділігін көрсетті. Бүгінге дейін арнайы топ төрт аудандағы 200-ге жақын адамның талап-тілегін тыңдап, оны заң аясында шешу жолын қарастырды, – дейді Е.Байқонақов.