Прямая трансляция

Астана

Астана

11.19°C

Цифрландыруда оң өзгерістер көп

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысы Мұхит Кемеловтың айтуынша Шымкент қаласында қазір байланыс операторларының 1200-ден аса базалық станциясы бар. Оның басым бөлігі Kcell мобильді операторына тиесілі. Заман талабына сай интернет жылдамдығын асыру мақсатында биыл 126 орынға 5G технологиясы негізінде базалық станциясы орнатылған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Цифрландыруда оң өзгерістер көп

БАҚ өкілдері ең алдымен Ж.Шанин атындағы театр ғимаратына орналасқан 5G базалық станциясымен танысты. Бұл базалық станция театр маңындағы 1 шақырым аумақты жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтиды. Басқарма басшысының айтуынша, 4G технологиясымен таралатын интернет жылдамдығы секундына10 Мбит-тен жоғары болса, қазіргі озық технологиядағы станцияда 100-200 Мбит аралығында болады.

- Бүгінде тұрғындар интернет жылдамдығы төмендегені жайында жиі шағым айтып жүр. Шындап келгенде бір базалық станция мың абонентке интернет таратуға қауқарлы. Қазіргі ресми мәліметке сәйкес, қала халқы 1,2 млн болғанымен шаһарға күнделікті келіп жұмыс істейтін, келіп-кететін қонақтар, студенттер барлығы интернетті кеңінен қолданатынын да ескеру қажет. Сондықтан да қолданыстағы 1200-ден аса базалық станцияның қуаты жетпей отыр. Одан бөлек, кейбір аумақта халықтың тығыз қоныстануы, жер бедерінің сай жерде орналасқаны да желінің таралуына әсер етеді. Интернет жылдамдығынан мәселе туындамауы үшін қаламызда кем дегенде базалық станция саны 3 мыңнан асуы керек. Біздің басқарма байланыс операторларымен бірлесе осы мәселені шешуде кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Тұрғындарды сапалы интернет желісімен қамту үшін байланыс операторларына қолданыстағы 3G мен 4G станцияларын қайта жаңғыртуға және олардың санын қажеттілікке сай көбейтуді ұсынып отырмыз, – деді басқарма басшысы.

 

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды