Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Шымкент қаласында туризм саласын дамытатын 11 инвестициялық жоба іске асады

Туризм – кез-келген елдің экономикасына тиімді ықпалмен әсер етеді. Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді екен. Шымкентте ішкі туризмді дамыту және бұл бағытта инвестициялық жобаларға мемлекеттен қолдау көрсетуде бірқатар жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент қаласында туризм саласын дамытатын 11 инвестициялық жоба іске асады

2023-2024 жылдары инвестиция жағын айтатын болсақ, 8 млрд теңгені құрайтын 11 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Туристерге сапалы қызмет көрсететін «Diamond Hotel», «Kazakh Hotel», «Shymkent Park Hotel», «Zhamal Hotel Shymkent» сияқты қонақ үйлер іске қосылса, 203 жаңа жұмыс орны да ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ сакралды туризмді дамытуда келесі жылы Сайрам тұрғын алабын, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін дамыту тұжырымдамасы әзірленуде.

Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету. Биыл Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Семей, Жезқазған, Қарағанды бағыттары бойынша рейстер қызмет етсе, Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейс ашылып, қалаға келетін туристерге мүмкіндік ашылды.

Ал кіру туризмін танымал ету аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы әлемнің түкпір-түкпірімен байланыс орнатып, ақпараттық турлар ұйымдастырып келеді. Осының нәтижесінде шет елдерден 100-ден аса арнайы тревел блогерлер мен туристер келіп, шырайлы қаланы әлемге танытты.

Айта кетейік, Шымкент – Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торапты қала болып табылады. Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны, 25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 69 спорт орталықтары, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орны, 150-ден астам туристік нысандар орналасқан.