Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Денсаулық сақтау саласы: ел саулығын көздейтін тың жобалар іске асты

Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 74,4 жасқа жетті. Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік жағдайы, халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Денсаулық сақтау саласы: ел саулығын көздейтін тың жобалар іске асты

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді.

Қазіргі таңда, қалада амбулаторлық деңгейде 53 медициналық ұйым қызмет атқарады. Оның 14-і мемлекеттік емхана және 39-ы жекеменшік медициналық ұйым.

Соңғы үш жылда шаһарда жаңадан 17 жаңа емхана ашылып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсарды және тұрғындар үшін дәрігерлік көмек алудың қолжетімділігі артты. Биыл қаладағы 4 емхана базасында ашылған «Үздік тәжірибелер орталығы» халық пен дәрігерлердің арасындағы байланысты күшейтті. Скрингтік тексерулер – аурудың алдын алудың бірден бір жолы десек, бұл өлім-жітімге соқтыратын қауіпті аурулардың алдын алуда маңызы өте жоғары.

2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаладағы медициналық ұйымдардағы скринингтік зерттеулер өз деңгейінде орындалып келеді. Айталық, қан айналым жүйесінің аурулары бойынша 97,3 %-ға, қант диабеті бойынша 99,0 %-ға, глаукома бойынша 99,9 %-ға, жатыр мойны обыры бойынша 93,7 %-ға, сүт безі обыры бойынша 91,6 %-ға, тоқ ішек бойынша 93,5 %-ға орындалған.