Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ұстаз. Өнерпаз. Тұлға.

2023 жылғы 30 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Ұстаз. Өнерпаз. Тұлға» атты ардагер-ұстаз Күліш Төлеуханқызының 75 жасқа толуына орай шығармашылық әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ұстаз. Өнерпаз. Тұлға.

«Білім беру ісінің үздігі», «Республикалық іскер әйелдер ассоциациясының», «Республикалық мұсылман әйелдері лигасының» мүшесі Күліш Төлеуханқызы білім саласында 50 жылдан астам еңбек еткен ұлағатты ұстаз.

Іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Жанар Бектаева ұстазды мерейтойымен құттықтады.

– Әнге деген өнерім – Күләш апам, Манарбек ағам сияқты әншілер туған Ақтоғайдың киелі топырағынан, ал ұстаздық жетістігім 50 жыл ұстаздық еткен әкем Төлеуханмен, шапағат пен шарапаттың нұрын себуші әкемнің інісі Сламия Саттарұлынан, аяулы ұстаздарым Игісін Садуақасов, Өзбек Нұржанов, Төлтай Мақсұтовтардан дарыды. Саналы ғұмырымды балалармен өткізіп, олардың тәрбиесі мен біліміне арнағанымды өзім мақтан етемін. Шәкірттерімнің әрбір жетістігі менің көңілімді марқайтып, қуанышқа бөлейді – деді К.Тілеуханқызы.

Күліш Төлеуханқызы жас кезінен бастап өнерді қатар алып жүріп, «Ақтоғай халық театрының» құрамында бірнеше концерттік бағдарлама жасап, 10-нан астам сахналық қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған.

Күліш Төлеуханқызының шығармашылық кешінде ұлттық құндылықтар насихатталып, тәрбие мен тағылымға толы болды. Білім беру саласы мен өнерді қос қанатындай қатар алып жүрген ұстаз – шеберлігімен ғана таң қалдырып қоймай, күміс көмей әнші, көркем сөз ұстасы екендігін дәлелдеп, нақышына келтіре әуелете ән шырқап, көркем сөзге жан бітіріп көрерменді тәнті етті.