Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Таразда жол полициясы көлік жүргізушісін қарғап-сіледі (ВИДЕО)

Видеодағы оқиға Тараз қаласында болған. Онда полиция қызметкері көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматқа лағынет айтқан...

Таразда жол полициясы көлік жүргізушісін қарғап-сіледі (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Желіде жолай көлікті тоқтатқан жол полициясының видеосы жаппай тарап, қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Видеодағы оқиға Тараз қаласында болған. Онда полиция қызметкері көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматқа лағынет айтқан.

- Атыңыз кім?

- Нұрлыбек.

- Ақ жол! Жортқанда жолың болсын, бауырым! Қарғыс атсын сені!

Осындай диалогтағы видео әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.

"Бірі жол сақшысы артық кетті десе, енді бірі тәртіпке бағынбаған көлік жүргізушісін айыптады. Негізінде полицей жарық шамын жақпаған жеңіл көлікті тоқтатып, құжатын сұраған. Алайда жүргізуші ереже бұзғанымды дәлелде деп қасарысып тұрып алады. Тіпті инспектор қызметтік куәлігін көрсетсін деп қырсығады. Екеуі біраз сөз таластырып, соңынды аға лейтенант жүргізушіні қарғап-сілейді. Басына бәле тілден келетінін білмеген сақшының мәселесін енді Полиция департаменті майшаммен қарап жатыр" деп хабарлады КТК телеарнасы.
"Инспектордың бейнежетонынан және сырттай бақылау камераларынан бейнежазбаны алу, сондай ақ автокөлік жүргізушісін тауып, одан жауап алу мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.