Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Күзгі маусымда 20 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды

Қалада күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 түп жай жапырақты, 9 586 қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ, деп хабарлайды Paryz.kz.

Күзгі маусымда 20 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды
Фото: adyrna.kz

Қазіргі таңда жалпы саны 20 мыңнан аса көшет егілген. Қалған ағаштарды отырғызу жұмыстары толығымен желтоқсан айында аяқталмақ. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбілхайыр Бақытқалиұлы баспасөз брифингінде баяндады.

- Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мекеме атқаруда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан биыл 110 су ұңғымасын қазу жоспарланған. Қазіргі уақытта 84 ұңғыма қазылды. Қысқы маусымға 155 арнайы техника дайын. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға көбейтілді. Инертті материалдар қорына тоқталсақ 31594м3 құм, 6690 тонна тұз бар, –деді Ә. Бақытқалиұлы.

Сондай-ақ брифингте ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету барысында атқарылған жұмыстар және алдағы уақыттағы жұмыс жоспары да таныстырылды. Ондай аймақтардың бірі дендрологиялық саябақ болып табылады.

Ғылыми аймақта орналасқан жылыжай арнайы кленкамен жабдықталып, қыс мезгіліне дайындалған. Жылыжай аумағында гинко, каркас, эводия, анар, лапина, хилокатальпа, барбарис, ленкоран альбициясы, қызыл арша сынды 30-дан астам ағаш түрлері өсірілуде. Дендросаябақ аумағындағы жарық шамдар толығымен ауыстырылып, ағаш-бұталы екпелердің жай-күйін түгендеу, бағалау және топырақ құрамын анықтау мақсатында сараптама өткізілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы ағаштар саны — 74 560 түп, бұталар саны — 4 615 түп, ал ағаш-бұталардың гендік қоры 214 түр екендігі анықталыпты.

Айта кетейік алдағы жылы индустриалды аймақтарға да ағаш отырғызу қолға алынбақ. Сондай- ақ егілген әрбір ағаштың жай-күйін, өсуін бақылайтын «Жасыл екпе» атты екпе паспорты жобасы іске асырылмақ.