Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Кәсіпорындарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетіледі

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, ондағы өзекті мәселелердің шешімін қарастырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Кәсіпорындарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетіледі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мемлекеттік басшысы Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталды. Қандай кәсіппен айналыссақ та, оны сапалы атқару маңызды.

«Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын 12 га аумақта орналасқан. Бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтуда.

Зауыт негізінен, автотрансформаторларды, күштік май трансформаторларын, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторларды шығарады. Жобалық қуаты жылына 120 дана жоғары кернеулі трансформаторлар өндіреді.

Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.

Ал «Stroi Construction» ЖШС металл конструкцияларымен қатар, металл жарықтандыру тіректерін шығарумен айналысады. Биыл іске қосылған компания қазір жарықтандыру құрылғыларын еліміздің барлық аймағына жеткізуде.

Кәсіпорындардың жұмысымен танысқан қала басшысы жауаптыларға бизнес өкілдеріне жаңа желілерді қосуда, экспортты ұлғайтуда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетуді тапсырды.