2023 жылғы 28 қарашада Астанада қаласында « WorldSkills Kazakhstan – 2023» VIII Республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін бақ сынады. Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Үшінші мегополис жастары кәсіптік және жұмысшы мамандықтарының «Worldskills» кәсіби шеберлік чемпионатына 2016 жылдан бері қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Биыл шаһарымыздың намысын қорғауға 30 студент 29 құзыреттілік бойынша қатысты. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.
Командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Абай облысының командасы көш бастады. Екінші орынды Алматы қаласының командасы иемденіп, 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын алған Шымкент қаласының құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді және 11 ерекше медальонді қанжығасына байлады.
I - орын иегерлері:
«Ақпараттық кабельдік желі» құзыреттілігі бойынша:
Политехникалық колледжінің студенті Байнеев Аян Алиұлы, жетекшісі – Матиев Жарас;
III - орын иегерлері