Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Энергетика министрлігінің қызметкерлері кәсіпкерден пара алып отырған

"Алау Газ" ЖШС-нің басшысы Жұбан Шінісбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласты. 

Энергетика министрлігінің қызметкерлері кәсіпкерден пара алып отырған
фото: ашық дереккөз

Екі жылдан бері Энергетика министрлігінің шенеуніктері "Алау газдан" ақша алып келген. Осылайша, бұл сома 5 миллион теңгеге жетті, деп хабарлады paryz.kz, "Уральская неделя" апталығына сілтеме жасап.

"Алау Газ" ЖШС-нің басшысы Жұбан Шінісбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласты. Ол өз компаниясының Энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз байып, сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар екенін айтты.

Пара Энергетика министрлігіне өңірлерге газ квотасын ұлғайту үшін берілген. Келісімнің шарттары бойынша, жер қойнауы газды қазақстандық тарапқа беретін, ал Энергетика министрлігі оны аймақтар арасында бөледі. 2 жыл ішінде Энергетика министрлігінің шенеуніктері "Алау газдан" 5 миллионнан астам теңге алған.

Кәсіпорын басшысы Жұбан Шінісбеков журналистермен сөйлеспеді. Алайда сотқа дейінгі тергеу фактісі құпиялылық шартымен прокуратурадағы дереккөздермен расталды. Ресми емес ақпаратты елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу департаменті де растайды.