Прямая трансляция

Астана

Астана

4.67°C

Шымкентте ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 50-ге жуық кәсіпорын бар

«Ауыл шаруашылығын дамыту бүгінде еліміздің негізгі проблемаларының бірі». Өзінің биылғы халыққа арнаған Жолдауында осылай деген  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс» деген  болатын, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 50-ге жуық кәсіпорын бар

Иә,бұл саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Өкінішке орай, агросектор әлі күнге дейін ескіліктен арыла алмай келеді. Техникалар тозған, өнімді өңдеу үлесі төмен. Ал инновациялық үрдістерді өндіріске енгізу жағы біртіндеп қолға алынып келеді.

Шымкент қаласында биылғы 10 айда 123,1 млрд. теңгенің қайта өңдеуден өткен ауыл шаруашылығы өнімдері нарыққа шығарылған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады. Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, қала аумағында қазіргі таңда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 50-ге жуық кәсіпорын бар. Оның басым бөлігі жеміс-жидек пен көкөністі, сүт өнімдерін, өсімдік майы мен астықты қайта өңдеумен айналысады. Биылғы 10 айда аталған кәсіпорындар 123,1 млрд. теңгенің қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артқан.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – ел экономикасы үшін аса маңызды бағыттың бірі. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 157,3 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Оның ішінде өңделген өнім көлемінің экспорты 96,1 млн. АҚШ доллары немесе экспортталған барлық өнімнің 61,1 пайызына жетті.  Қайта өңделген өнім көлемінің басым бөлігін ұн және макарон өнімдері құрайды.

Сонымен қатар, қала аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы салынып жатыр.  Индустриалды аймақты құру үшін 132,9 га жер телімі қарастырылып, ол жер мемлекет мұқтажына қайтарылды. Аталған аймаққа инфрақұрылым жасауға техникалық экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама дайындалған. Басқарма мамандары «Бозарық» индустриалды аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желі биыл салынып бітетінін айтады.

Бұл аймақта 49,5 млрд теңгеге 25 инвестициялық жоба жүзеге асып, 1 800 астам жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда индустриалды аймақтың аумағынан кәсіпорын салу үшін 4 компанияға жер телімі беріліп, оның ішінде бір компания кәсіпорынның құрылысын бастап үлгерген.

Бүгінде, еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне байланысты алға қойылған міндеттері көп. Соның бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы министрімен кездескенде де саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, соның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөнінде міндеттер жүктеді. Ол үшін аталған салада мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, шаруаларды жеңілдетілген қаржымен және субсидиямен қамтамасыз етуге, егіс алқаптарын әртараптандыруға және ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізу қажеттігі айтылды. Шымкент қаласында осынау тапсырмалар аясында оңтайлы жұмыстар атқарылып келе жатқанын айта кету керек.

 

 

Н. Назарбекова

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды