Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкент: Әл-Фараби ауданы тұрғындары электр желісімен 100 пайыз қамтылады

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аталмыш ауданның сапалы электр желісімен қамтылуы 100 пайызға жететінін атап өтті. Қала орталығы саналатын Әл-Фараби ауданында 235 мың тұрғын қоныстанған. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Сондай-ақ,  16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш жәнн 12 субұрқақ бар, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент: Әл-Фараби ауданы тұрғындары электр желісімен 100 пайыз қамтылады

Аудандағы 15 елдімекен толығымен таза ауыз сумен қамтылған. Тек биыл Текесу тұрғын алабында су құбырын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстар да жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, ауданда ауыз су мен электр жарығы толық тартылған. Ауданның табиғи газбен қамтылуы 99,9 пайызды құрап отыр.Қазіргі таңда газ құрылысы Сәуле шағынауданындағы 276-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ магистралды желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған аумақ қараша айының соңында көгілдір отынның игілігін көреді. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев баспасөз брифингкте осы деректерді атап өтті.

Аудандағы 260 шақырымды құрайтын 390 көшенің 90,4 пайызына асфальт төселген, қалғаны тас жолдар. Ұзындығы 20,9 шақырымды құрайтын 12 орталық көшеге осы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселген.  Олар: Жансугуров, Анаров, Кабанбай батыр, Желтоксан, Дулати,, Казыбек би, Д.Қонаев, Орынбаев, Пазиков, Ж.Тыныбаев, Адырбеков және  Уәлиханов көшелері.

Бүгінгі таңда ішкі орамнан 29 көшеге құрылыс жүргізу жоспарланып, 26 көше жөндеуден өтіпті. Аудан әкімдігіне қарасты “Әл-Фараби” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы жылдың сәуір айында құрылған. Мекеме тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында 39 қызмет түрін жүзеге асыруда. Атап айтқанда, балалар және спорт алаңшаларын күтіп-ұстау, зираттар мен өзге де жерлеу орындарын күтіп-ұстау, аудан аумағындағы барлық теңгерімдерді мүлікті күтіп ұстау, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын, ішкі орам көшелердің санитарлық тазалығы және бей берекет жиналған қоқыстарды жинауды ұйымдастыру, көпқабатты тұрғын үйлерде қысқы маусымға дайындық кезінде сығымдау жұмыстарын ұйымдастыру және тағы басқа жұмыстар кіреді.

- Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшалары орнатылды, - деп атап өтті Рашид Мамытұлы.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 аулада абаттандыру жұмыстары тоқтатылып тұр. Келесі жылы аталған аулада абаттандыру жұмыстарын жүргізілу жоспарланып отыр. Келер жылы тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша  «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 66 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүрмек.

 

Н. НАЗАРБЕКОВА