Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты

Инновациялық масканы күніне 8 сағат қуаттандырмай тағуға мүмкіндік бар.

Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты
yandex.kz

Ақылды бетперденің өзгелерден ерекшелігі – ауа тазартқышын ауыстырып отыруға болады, деп хабарлайды The Verge. Батарея орнатылған фильтр адам терісін тітіркендірмейді. Әрі көзілдірік тағатындарға ыңғайлы.

Яғни адамның тыныс алуы жеңілдеп, көзілдірігі терлемейді. Инновациялық масканы күніне 8 сағат қуаттандырмай тағуға мүмкіндік бар. Ал ультракүлгін сәулесі бар қапшығы вирусты жоя алады екен.

Өндіруші компания ақылды маска жақын арада сатылымға шығатынын айтып отыр.