Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ауыл шаруашылығын дамыту - басты бағыт

Шымкент қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасын  тікелей басшылықққа ала отырып  жүзеге асуда. Ол үшін асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру мақсатында өткен жылы қаланың 5 ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 15 семинар өткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ауыл шаруашылығын дамыту - басты бағыт

Семинар барысында ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 2023 жылға мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында (субсидия) 1 071,7 млн. теңге қаржы бөлінген болса, оның ішінде жем-шөпке қаралған қаржы көлемі 209,4 млн. теңгені құрайды. 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасымен сатып алынған асыл тұқымды малға, селекциялық асылдандыру жұмыстарына, өндірілген өнімге және жем-шөп шығындарының бір бөлігін өтеуге бекітілген нормативтер аясында субсидиялар беріледі.

Субсидияланатын  бағыт ірі қара мал шаруашылығы,  оның ішінде асылдандыру,  сүт,  жем-шөп,  қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы,шошқа шаруашылығы, бал ара шаруашылығы болса,  қаралып  отырған  қаржы көлемінің барлығы 1 071 773,00 теңгені құрайды. Жұмыртқа,  асыл тұқымды балапан,  құс еті де қамтылады.

Осы мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану нәтижесінде ағымдағы жылы қала аумағына Даниядан  «Эгамназаров»   ЖК 104 бас және «Бәйтерек» ШҚ 34 бас сүтті бағыттағы ірі қара малдың гольштейндік, джерси және қызыл даттық тұқымының аналық басын сатып алды. Ірі қара малдың 3 түрлі тұқымын шаруашылыққа алып келудің мақсаты сүттің құнарлылығын және өнімділігін арттыру болып табылады. Сиырлардың бұл тұқымы сүтті бағытта болғандықтан тәулігіне орташа есеппен 24 литрден аса сүт береді. Қазіргі таңда сатып алған ірі қара малдың жартысынан көбі төлдеуде.

Шаруашылықта сапалы төл алу мақсатында қолдан ұрықтандыру әдісі жүргізіледі. Қолдан ұрықтандырылған аналықтарға тек бір жынысты дозалар енгізілгендіктен 80 пайыздан аса ұрғашы төл алынуда.

Сонымен қатар, тауарлы жұмыртқа бағытындағы 3 құс фермасы да және жаңадан құрылған 1 құс фермасы да асыл тұқымды жұмыртқа бағытындағы 413 000 бас тәуліктік балапан сатып алды.

Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы өнімі артып, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айында шаруашылықтың барлық санаттарында бұл нәтиже байқалып отыр. Нақтырақ айтқанда,  сойылған мал мен құс еті 8,5 мың тонна (15,3% артқан), сүт – 51,2 мың тонна (15,1% артқан),  жұмыртқа 141,4 млн. дана өндіріліп,  (20,6% артқан) пайыздық көрсеткіштері артқан. Жалпы өнім көлемі 44,6 млрд. теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда қала аумағында асыл тұқымды мал мен құс басы мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жылқы,  құс,  шошқаны санағанда барлығы 1 035 404 құраса,  оның 741 349   асыл тұқымды. Бұл туралы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен  баспасөз брифингінде Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді.

Шымкент қаласында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі мұнымен  тоқтамайды. Бүгінде басқарма 2023-2026 жылдары жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жоспарын  жасаған.  Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенін дамыту жол картасы  аясында 61 млрд теңгеге 45 жоба жүзеге асыру күтілуде. Оның ішінде қайта өңдеу,  жылыжай кешені, жеміс-көкөніс қоймасы,  тауарлы сүт фермасы, ірі қара мал бордақылау,   құс фабрикасы, қарқынды бау, құрама жем бойынша жүзеге асырылатын жобалар бойынша 1435 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар,  биыл жыл соңына дейін жалпы құны 13 млрд. теңгені құрайтын  16 инвестициялық  жобаның тамырына қан  жүгірмек. Ал, «Ақсай» ЩҚ, «Отан агро» ЖШС, «Аймар құс» ЖШС жобалар АӨК өнімдерінің экспорт үлесін арттыруға бағытталған.

 

Н. Назарбекова