Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ирригация салу құрылысы қарқынды

Шымкентте ирригациялық жұмыстар да қарқын алған. Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ирригация салу құрылысы қарқынды
Фото: ашық дереккөз

Олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл және атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі.

Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек. 

Қазіргі таңда қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда жұмыстардың  30 пайызы атқарылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылып отыр.

Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.

Аталған кезеңде қазір автомобиль жолының жер төсемдері салынуда. Бригадалар жер асты суы өтетін темірбетонды құбырын орнату жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қазір Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстары іске асырылуда.

Шымкент қаласында жүріп жатқан тағы бір жол құрылысы Ташкент - Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталған. Шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген болатын. Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82 пайызға орындалған.

 

Н. Назарбекова