Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Әлеуметтік көмектің бірі - тұрғын үй субсидиясы

Шымкент қаласында пәтер жалдап тұратын отбасыларға көрсетілетін ауқымы кең әлеуметтік көмектің бірі - тұрғын үй субсидиясы. Аталған бағдарлама іске қосылғалы бері Шымкент қаласында 2022 -2023 жылдар аралығында қазіргі таңға дейін 1160 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленуде. Қазіргі таңда тұрғын үй субсидиясына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Әлеуметтік көмектің бірі - тұрғын үй субсидиясы

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшылығы тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен  көп балалы отбасылар қатыса алатынын айтады.  Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс.

 Сонымен бірге, субсидия алуға үміткерде депозиттік шоты болуы, жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алатырнын жеткізді. Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

Шымкент қаласының тұрғын үй   басқармасының басшысы Жанат Өтебаева біздің Шымкент қаласында жалпы тұрғын үй кезегінде қанша азамат тіркелгені, тұрғын үй кезегіне қатысты қызметтер қалай жүзеге асырылатыны туралы атап өтті. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 016 азамат тіркелген. Оның 1964-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша, 11 928-і көпбалалы отбасылар, 17 616-і  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы. Сонымен бірге, 19 479-і мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер болса 29-ы жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық  порталы арқылы іске асады.

Сондай-ақ, kezekte.kz электрондық порталының кезектілік серпіні ашық  түрде жүргізілетіні және кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді көруге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар екені ескертілген.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен үй бөлінген азаматтар тізімі ресми сайттарда жарияланады екен. Заңға сәйкес тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға арендалық баспаналар кезек реті бойынша беріледі.

Айта кету керек, 2022 жылы  Шымкент қаласы бойынша  2881 пәтер берілген болса, оның шінде 748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға үлестірілген. Ал,  857 пәтер - жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған.

1276 пәтер - «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша  несие негізінде берілген.

 

Н. Назарбекова