Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте жылу құбырлары жаңартылды

Шымкент қаласының аумағында 838,6 шақырымды құрайтын жылу құбыры бар. Шаһардағы жылу құбырларының тозу көрсеткіші – 37 пайыз. Бүгінде қалада 23 қазандық пен 17 сорғы станса бар. Сала мамандары 23 қазандықтың тозу деңгейі 30,5 пайыз, 17 сорғы стансасының тозу деңгейі 41 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте жылу құбырлары жаңартылды

Ағымдағы жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның 3,2 млрд. теңгесін 8,7 шақырымды құрайтын жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге жұмсау жоспарланған. Бүгінде бұл жоспар толығымен орындалды. Сонымен қатар, 1,8 млрд. теңгеге 4,5 шақырымды құрайтын жылу жүйесіне (2 жоба) қайта құру жұмыстарын жүргізу көзделген болатын. Қазіргі таңда бұл жұмыстар да толығымен орындалды.

Қалада 464 бюджеттік мекеме жылуға толық қосылған. Оның ішінде 251 білім мекемесі, 100 денсаулық сақтау мекемесі, 68 мәдениет, 29 спорт, 16 жұмыспен қамту мекемесі бар.

Реті келгенде айта кетейік, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасы қала аумағында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Басқармаға 2023 жылы бюджеттен 49,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның 18 млрд. теңгесі ұлттық қордан, 9,8 млрд. теңгесі республикалық бюджет есебінен, 21,5 млрд. теңгесі жергілікті бюджет есебінен қарастырылды.

«Қуатжылуорталық-3» мекемесінің директорының міндетін атқарушы Нұрбек Орынбаевтың мәлімдеуінше, қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілері мен инфрақұрылым жүйелерінің дайындық жұмыстары толығымен атқарылды. Қаладағы 23 жылу қазандығымен қатар орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу беру маусымына дайындықтан өтіп, іске қосылды. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 5,4 млрд. теңге бөлініп, 13,2 шақырымды құрайтын жылу желілерін жөндеуден өткізу қолға алынды.

Нұрбек Ергешбекұлы сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына жарамсыз құбырлар мен басқа да материалдарын қамтамасыз еткен жағдайда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны тиісті жұмыстарды атқаруға дайын екендігін жеткізуде.

Сондай-ақ, Нұрбек Ергешбекұлы жылу тарифінің қымбаттауы мүмкін екенін де айтуда. «Оған бірден – бір себеп, жарық пен судың, табиғи газ тарифінің қымбаттауы. Егер аталған коммуналдық қызметтердің тарифі көтерілген жағдайда жылу өндіруге кететін шығынның көлемі де ұлғаймақ. Жылу тарифі әзірге, өзгерген жоқ. Егер де біздің ұсынысымызды антимонополия мақұлдаса, жылу құны қараша мен қаңтар айларының аралығында көтерілуі мүмкін.» дейді ол.

 

Н. Назарбекова