Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Жалақы ешқашан 300 мың теңге болмайды": Бекболат Тілеухан бірқатар шенеунікті популист деп атады

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті, экс-депутат Бекболат Тілеухан бірнеше депутатты популист деп атады. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Жалақы ешқашан 300 мың теңге болмайды": Бекболат Тілеухан бірқатар шенеунікті популист деп атады
Коллаж: stan.kz

"Ринат Зайытов, Ермұрат Бәпи, Нартай Аралбай слишком популист. Жалақының өмір бойы 300 мың теңге болмайтыны түсінікті. Ашық популизм. Ең бірінші – халықтың көңілінен шығып, назарын бұрып алып, алдағы жиындарда сөзін өткізу үшін солай жасап отыр. Технологиясының шет-жағасын білеміз ғой, сол жақта жүрдік. Келешекте, әсіресе исламға тіл тигізу арқылы бедел жинап алады. Олар менің осы жерде айтып отыруыма татитын адамдар емес. Мысалы, не сөйлеп, не қойғанын білмейтін Ермұрат Бәпи деген адам айтады: "Ұлытау ауданы, Жезқазған өңірінің бәрін Сирияға жіберіп, радикал қылған Бекболат" деп. Оған дәлелің бар ма деп сотқа берсем, аяғы аспаннан келеді. Әлі де ойлануға болатын нәрсе негізі. Бірақ соттасып жүргім келмейді. Төмен адамның ондай жерде жүргені обал", – деді Бекболат Тілеухан.