Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарындағы қызмет сапасын арттыру көзделген

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында балалар мен 18 жастан асқан 3000-ға жуық мүгедектігі бар азаматтар қызмет алуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарындағы қызмет сапасын арттыру көзделген

Тірек-қимылы жүйесі бұзылған және жүйке жүйелерінің ауруы салдарынан түрлі ауытқуы бар ерекше жандар үнемі мамандардың бақылауында.Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев өзекті мәселелерді анықтап, қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарын аралады.

Сала басшылары алдымен №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, медициналық көмек көрсету жағдайы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етулері мен азық-түлік сапасын бақылады. Орталықта қазіргі таңда стационарлық жағдайда 123, жартылай стационарлық жағдайда 83 бала қызмет алып жатыр. Оның ішінде тұл жетім, тастанды және асыраушысынан айырылған 25 бала орталық қамқорлығында.

- Мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту — оңалту шараларының қызмет сапасы мен әлеуметтік қорғауды арттыруды талап етеді. Орталықтардағы өзекті мәселелерді айқындау үшін қызмет алушылар және мамандарымен сөйлесуді жөн көрдік. Өйткені саланың барлық қиындығы мен ауыртпашылығы мүгедектігі бар азаматтармен етене жұмыс істейтін мамандарға аян,— дейді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

Басшылық құрамы мұнан соң Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 18 жастан асқан І-ІІ топ психоневрологиялық ауруы бар мүгедек жандарға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «№2 және №9 оңалту орталықтарында» болды. Мұнда қызмет алушыларды емдік-оңалту шараларынан бөлек еңбек терепиясы мен мәдени іс-шараларымен қамту қарастырылған. Аралау барысында анықталған мәселелер назарға алынып, жұмыс барысын жақсартуға негіз болмақ. Жалпы, Шымкент қаласында 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат күн кешуде. Олардың 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар.