Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шымкентте өндірістік жылыжай кешендерінің қатары көбеюде

Шымкент – көкөніс, жеміс-жидегімен елімізге ғана емес, шетелдерге танымал қала. Соңғы жылдары әсіресе, жылыжай саласына қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия қаралған. Соның нәтижесінде қала аумағында өндірістік жылыжай кешендерінің қатары көбейді. Қазірдің өзінде қалада көкөніс өсіріп отырған 139 гектар жылыжай бар, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте өндірістік жылыжай кешендерінің қатары көбеюде
Фото: Серік Қосаев

Өнімділікті арттыру мақсатында биыл минералды тыңайтқыштар, тұқым шаруашылығын дамыту, пестицидтер мен биоагенттерді субсидиялау бағдарламасы аясында кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан өтеліпті. Бұдан бөлек, қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәлімдеуінше, жылыжайларды жылыту мақсатында қолданылған электр қуаты, көмір мен газ шығындарының 20 пайызын субсидиялауды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған «Ифтихари» шаруа қожалығындағы жылыжай кешенінде жылына 500 тонна өнім жиналады. Аумағы 2 гектар жылыжайда қазір қызанақ теру маусымы жүріп жатыр. Жұмысшылар қызарған өнімді қораптарға жинап, солтүстік өңірлерге жөнелтпек.

–Жылына екі рет көкөніс көшетін өсіреміз. Ерте көктемде қияр өнімін жетілдірсек, күзгі диқаншылыққа қызанақ ыңғайлы. Жылыжай Голландия технологиясымен жабдықталған. Осы маусымда қызынақтың «Торетто» сортын өсірдік. Әр түп көше 5-6 келі қызанақ береді. Өнімді қаладағы базарларға мен солтүстік өңірлерге тасымалдаймыз. Диқаншылығымыз үшін жылыжайдың әр гектарына, тұқымға және өсімдікке қажетті минералды тыңайтқыштар үшін мемлекеттің қолдау субсидиясын алдық,– дейді шаруа қожалық жетекшісі Фаррух Ифтихари.