Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Боқ тазалайсыңдар!..": қарақалпақстандық әйел қазақты қорлап сөйлеген (ВИДЕО)

Ал көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отырғаны - оның екінші видеодағы сөздері...

"Боқ тазалайсыңдар!..": қарақалпақстандық әйел қазақты қорлап сөйлеген (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Дәурен Шыназбеков есімді азамат Facebook-тегі топтардың біріне Қарақалпақстаннан қоныс аударып келген әйелдің жергілікті қазақтың ар-намысына тиетін сөздер айтып жатқан екі видеосын жариялады. Онда әлгі әйел өз байлығына масаттанып, "Қазақстандағы қазақтарға дәретханасын жудыратынын" алға тартқан, деп жазды paryz.kz.

"Қазақтар - бейшара. Мал бағып, зорлық көріп жатады. Құдай сақтасын, біз Қарақалпақстаннан келіп, ешқандай зорлық көрмедік. Шүкір Аллаға! Үйіміз бар. Үш этажды, төрт этажды үйлер салып жатырмыз. Іштерің күйсін, қазақтар!.. Қазақпыз. Қарақалпақстанның қазағымыз", - дейді ол бірінші видеода.

Бұл ретте, сол қазағында "Басқа пәле - тілден", "Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі", "Семіздікті қой ғана көтереді" дегендей тәубасын танытатын тәмсілдер бар екенін ескермегенге ұқсайды. Ал көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отырғаны - оның екінші видеодағы сөздері.

"Жұмыс беремін. Күшті жұмыс! Қазақстанның қазақтарына туалет жууды. Боқ тазалайсыңдар!.. Қазақстанның қазақтары, боқ тазалайсыңдар ма?" - дейді әбден есірген әйел.

Әрине, мұндайда кім үнсіз қалсын, нанын жеп, намысын таптағанына ашынған ер-азаматтар оны тауып алатындарын жазып, желідегілерден мекенжайын сұрастырып жатыр...