Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Шегінерге жер жоқ...": Әйтеновке ипподромды саябақ етіп, елбасының есімін беру ұсынылды

"Шымкент қаласының әкіміне басқаша жеткізу мүмкін емес! Халықтың үнін тыңдағысы, тіпті құлағына ілгісі де келмейді!" - дейді ол.

"Шегінерге жер жоқ...": Әйтеновке ипподромды саябақ етіп, елбасының есімін беру ұсынылды
фото: baigenews.kz

Заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке қаланың ипподромын саябаққа айналдырып, оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру керектігін ұсынды, деп жазды paryz.kz.

"Елбасы жасыл аймақты көбейту керек екенін үнемі айтып отыратын. Шымкент қаласының әкіміне басқаша жеткізу мүмкін емес! Халықтың үнін тыңдағысы, тіпті құлағына ілгісі де келмейді! Мүмкін елбасымыздың атын берсек, Жасыл аймақтағы жерді аман алып қалармыз. Елбасының арқасында, ең болмаса, таза ауамен демалып отырайық! Әлде әкім елбасыға қарсы шыға ма?" - дейді Айгүл Орынбек.

Осылайша "қаланың өкпесін аман алып қалуды" ойлаған ол, Шымкенттегі Nur Otan партиясының депутаттарынан қолдау күтіп отыр.

"Қолдасаңыздар, онда сол жерге ат шаптырып, "Жеңімпаздар форумын" өткізуді де ұсынамын. Біздің қаламызда ғана елбасы атындағы саябақ жоқ! Нұрбот десеңдер дей беріңдер, ең бастысы, саябақ қалса болды!" - дейді лепті сөйлемдермен үндеу жасап үйренген заңгер.