Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте 3 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұр

Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласында 3 индустриалды аймақ бар. Атап өтер болсақ, «Жұлдыз», «Тассай» және «Бозарық». Осы үш индустриалды аймақты инженерлік инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қазынадан 9,5 млрд.теңге бөлінген болатын. Бүгінге дейін аталған индустриалды аймақтарда осы қаржының 8,6 млрд. теңгесі игерілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте 3 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұр
Фото: Мақсат Тұртаев

Оның ішінде «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инженерлік инфрақұрылым жүйесіне 4,6 млрд теңге қаралған болса, бүгінге дейін бұл қаржының 3,6 млрд теңгесі игерілді. Аталған индустриалды аймақта жоспарланған жұмыстарды аяқтауға 1,7 млрд теңге қажет. «Тассай» индустриалды аймағындағы инженерлік инфрақұрылым жүйесіне 0,1 млрд. теңге қаралған болса, бүгінге дейін бұл қаржының 0,5 млрд. теңгесі игерілді. Аталған индустриалды аймақтағы жоспарланған жұмыстарды аяқтауға 1,0 млрд теңге қажет. Ал, «Бозарық» индустриалды аймағындағы инженерлік инфрақұрылым жүйесіне 4,8 млрд теңге қаралған болса, бүгінге дейін бұл қаржының 4,5 млрд. теңгесі игерілді. Мұнда жоспарланған құрылыс жұмыстарын аяқтауға 1,7 млрд. теңге қажет.

Сала мамандары аталған индустриалды аймақтардағы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін қазынадан барлығы 4,4 млрд. теңге бөліну керек екенін айтады. «Егер де 2024 жылға осындай көлемде қаржы қаралған үш индустриалды аймақ толық инженерлік жүйелермен қамтылып, кәсіпкерлік нысандардың ертерек іске қосылуына мүмкіндік беретін болады», - дейді олар.

Қазіргі таңда шаһардағы индустриалды аймақтарда инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмыстары қарқын алған. Айталық, жақында ғана қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Бозарық» индустриалды аймағын инфрақұрылыммен қамту бағытында атқарылып жатқан жұүмыстардың барысымен танысып қайтты. 

Бүгінде мұнда 14,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым газ құбырлары тартылып, электр энергиясымен қамту мақсатында қосалқы станция орнатылып, 8,8 электр желісі жүргізілген. Қазіргі таңда мердігерлер автомобиль жолдарының құрылысын да кестеге сай жүргізуді қолға алды. Сондай-ақ, аталған индустриалды аймақта кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс жұмыстарына жауапты мекеме басшыларына сапалы инфрақұрылыммен қамтуды тиісті талаптарға сай орындауды тапсырды. Айта кетейік, бұл құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болып табылады.

Бүгінде «Бозарық» индустриалды аймағында 132,9 гектар аймақта жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын тамақ өнеркәсібі бойынша 30 жобаның пулы жасақталған. Жобалар іске асырылған жағдайда 1000-нан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады. Дәл қазір 20,7 млрд теңгені құрайтын 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын қамтитын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары бастау алды. Бұл кәсіпорындарды 2025-2026 жылдар аралығында іске қосу жоспарланған.

 

Н. НАЗАРБЕКОВА