Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте халықты әлеуметтік қорғау ерекше назарда

Жұмыспен  қамтудың белсенді саясатын  жүргізу Қазақстан  Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік  басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен  лайықты қамтуды қамтамасыз ету — халықты әлеуметтік қорғаудың негізі,  адам ресурстары әлеуетін  дамыту және іске  асырудың  маңызды шарты,  қоғамдық  байлықтың  артуы мен  өмір сүру сапасын  жақсартудың басты құралы, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте халықты әлеуметтік қорғау ерекше назарда
Фото: Мақсат Тұртаев

Ел азаматтарын  жұмыспен  қамту мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  әркез  басты назарында.  Халықты жұмыспен  қамту,  өнеркәсіп орындарын  ашып,  жұмыс орындарын құру труралы нақты міндеттемелер мен тапсырмаларды жергілікті өңірлерге жүктеп отырады. «Халықты, жастарды жұмыспен қамту —Үкімет үшін  аса маңызды міндет. Әкімдер  бұл жұмыстың  нәтижелерін  тұрақты түрде баяндап тұруы керек» деген болатын  Президент өзінің кезекті Жолдауында. Сонымен қатар,  Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы да  тиісті сала мамандарына жауапкершілік жүгін  еселейді.

Шымкент қаласында соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық  жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды. Халықтың  экономикалық белсенділігі мен  жұмыспен  қамту деңгейі де тұрақты өсуде. Халықты жұмыспен  қамту және жұмыссыз  азаматтарды әлеуметтік  қорғау жұмыстары бойынша  үшінші мегаполис үлгісі атап айтуға тұрарлық.

Биыл бұл мақсатта 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.  Оның ішінде 41890 орын тұрақты болса, 7441 уақытша, 7850 кәсіби оқу болып табылады.  Биыл бұл жобаға 61,1 мың адам қатысып, жылдық жоспар 107,5% орындалған.  Сала мамандары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыруды жоспарласа,  нақты 36,0 мың адам қатысып,   жоспар 107,4% орындалғанын айтады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту  ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту да қарастырылған.  Мәселен, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 8349 адам қамтылыпты. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындарына орналастырылған.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Арапбай Сабыржанның айтуынша, сонымен қатар қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүзеге асырылуда. 800-ге жуық азамат жұмыс беруші мекемелерде және 1500-ден астам адам оқу орталықтарында тегін кәсіптік білім алып жатыр. Оқу сәтті аяқталған соң оларға сертификат табысталып, жұмыс беруші мекемелермен әлеуметтік келісім шарт негізінде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңда 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған. 

             Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  бойынша 2023 жылға 23 420 жұмыс орыны құрылатыны жоспарланып отыр.  Оның 22 044 тұрақты жұмыс орыны болса, 1376 уақытша жұмыс болып табылады.  Биыл қарашаға дейін  өңірде барлығы 25 462 жұмыс орыны ашылған.   

 

Н. Назарбекова