«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет актриса Нұрсұлу Ізбасаровамен заңды некесін қиды.
Неке қию рәсімі 14 қарашада болды. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлады.
Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова неке қиды. Сендерді отбасылық өмірге қадам басып, шаңырақ көтерулеріңмен құттықтаймыз! – делінген хабарламада.
Жас жұбайлар да қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялады.
Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова осыдан 6 жыл бұрын танысқан. Футболшы сүйіктісіне тамыз айында Алматыдағы Орталық стадионда «Қайраттың» «Астана» командасымен (1:0) матчта ұсыныс жасаған.