Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Вор в законе" Леха Маймыш Абайдың қара сөздерін аударған (ВИДЕО)

Қылмыс әлемінде оны интеллектуал деп біледі екен. Сондай-ақ "Леха Маймыш" әдебиеттің, көркемсурет пен кино өнерінің тамаша білгірі саналатын көрінеді.

"Вор в законе" Леха Маймыш Абайдың қара сөздерін аударған (ВИДЕО)
фото: дереккөз

"Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желідегі парақшасына көңіл аударарлық видео жариялады, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.  

Әлгі видеода "вор в законе" "Леха Маймыш" – Айтқали Маймышев Арман Жұмагелдиевтің анасына әлдебір кітаптарды тарту етеді. "Айналайын, қош келдің Стамбұлға. Арнайы мен үшін келгеніңе өте қуаныштымын", - деген әйел өзіне бірнеше шағын кітапша сыйлаған "Леха Маймышқа" қарата былай дейді:

"Бұл кітап – Абайдың қара сөздері. Айтқали деген інім өзі аударып, бүкіл Абайдың жүрегін әдемілеп келтіріп, осындай кітап шығарыпты. Сол кітапты арнайы Анталиядан осы жаққа, маған әкеліп беріп отыр. Рахмет!"

63 жастағы Айтқали Маймышев 20 жылдан астам өмірін түрлі колонияларда өткізген. Қылмыс әлемінде оны интеллектуал деп біледі екен. Сондай-ақ "Леха Маймыш" әдебиеттің, көркемсурет пен кино өнерінің тамаша білгірі саналатын көрінеді.

Ол түрмеде жалғыз адамдық камерада жатқан кезінде уақытын босқа өткізбей, Абайдың қара сөздерін өлең формасына келтіріп аударып шыққан деседі. Мына аудармалары сол кезде жазылған болуы әбден мүмкін.