23.01.2021, 16:10

"Дем алмай" суретке түскен семейлік депутаттарға айыппұл салынуы мүмкін

фото: дереккөз

Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған.

Семей қалалық мәслихаты депутаттарының медициналық маскасыз әрі арақашықтық сақтамай түскен суретіне қатысты ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, arnapress.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған. Қаулыда жабық ғимараттарда міндетті түрде маска режимі мен кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық талабы сақталу керек екені жазылған. Қазір аталған факті бойынша санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізуде.

Тағы оқи отырыңыз: Семейде маскасыз суретке түскен депутаттардың басы бәлеге қалды

"Нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 425-бабы, 1-бөлімі ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", – деп хабардар етті департамент.

Сонымен бірге, мамандар азаматтарға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.