10.11.2023, 10:46

Алмасбек Садырбаев мемлекеттік қызметкерлерге кәсіп жасауға рұқсат беруді ұсынды

фото: ашық дереккөз

«Шопан ата» ұлттық агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаев «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында мемлекеттік қызметкерлерге кәсіппен айналысуға рұқсат беруді ұсынды. Оның айуынша, аталған қадам жемқорлық деңгейіне әсер етіп, қоғамдық өзгеріске итермелейді.

- Мемлекеттік қызметкерлерге мал шаруашылығымен айналысуға рұқсат беру керек. Бұл мемлекеттік қызметкердің отбасын асырауына көмек болады. Жалғыз жалақыға байланған қызметкердің жемқорлыққа баруына да қосымша табыс болмауы себеп болып отыр, — дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметкер кәсіпті несие арқылы бастау қажеттігін айтты.  

- Мемлекеттік қызметкерлерге несие алып, мал басын көбейтуге мүмкіндік беру керек. Бұл кәсіпті бақылау да қолайлы. Бұл әдіс жүзеге асса, мемлекеттік қызметкер болашағына алаңдамас еді, — дейді ол.