Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстандықтарға дәмханалардың 10% қызмет ақысын төлемесе де болады

"Тұтынушыларға қызмет көрсететін даяшының жұмыс ақысын дәмхана не мейрамхана әкімшілігінің өзі төлеуі тиіс..."

Қазақстандықтарға дәмханалардың 10% қызмет ақысын төлемесе де болады
фото: ашық дереккөз

Кей тамақтану орындары мен мейрамхананың клиентке қызмет көрсеткені үшін чекке 10% көлемінде қызмет ақы қосып әкелетіні бар. Алайда Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің мәлімдеуінше, бұл – заңсыз ақы, деп хабарлады paryz.kz, "Литер" басылымына сілтеме жасап.

"Тұтынушыларға қызмет көрсететін даяшының жұмыс ақысын дәмхана не мейрамхана әкімшілігінің өзі төлеуі тиіс. Мәселен, мейрамхана әкімшілігі клиенттің тамаққа не суға тапсырысын ала отырып, оны дайындаумен айналысатын аспаздың да қызмет ақысын өз мойнына алады. Демек, даяшының да қызметін өз міндетіне алуы керек", - деп түсіндірді комитет.

Бірақ тамақтану мекемесі былай жасаса болады: клиентке шайпұл барын, қосымша қызмет ақысы қосылатынын ескертуі тиіс. Оны мәзірде не басқа жерде ескертіп жазып қоюы керек.

"Егер клиент мекеменің қызмет көрсетуіне ақы төлеп, алайда оған көңілі толмаса, онда оны сотқа беруіне болады. Сондай-ақ қызмет ақысын пайыз түрінде көрсету дұрыс емес. Теңгемен есептеліп берілуі керек", - деді ведомство өкілдері.