Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қар кеткенмен Қаратау қартаймайды»: Белгілі айтыскер Жүрсін Ерманды жылатты

Аспанбек Шұғатаев және бір топ айтыскер ақын Жүрсін Ерманның үйіне барып, ақынның халін біліп қайтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қар кеткенмен Қаратау қартаймайды»: Белгілі айтыскер Жүрсін Ерманды жылатты
Фото: видеодан скриншот

Ақынның денсаулығы сыр бергеніне біраз болды. Жүрсін Ерман тіпті шетелде де ем алып келген болатын.

Жеті ханды жетектеп жүріп таққа отырғызған, Бұқар жырау атамның жасына жетіңіз, – деп арнау айтты. 

Айтыстың жүгін сүйреген ақын ағасы да Аспанбекті мақтады.

Бір күнде үш-төрт айтысқа қатысса да арқасы қозатын, шаршамайтын ақын. Төсін жазып, ұзақ шабатын жүйрік айтыскерлердің бірі. Халықтың көкейіндегі мәселені дөп басатын қасиетін ерекше бағалаймын. Айтыссүйер ағайын Аспанбекті іздейді. Халық барда – сен барсың, – деп жылы лебізін білдірді. 

Желі қолданушылары арнау тыңдап отырған Жүрсін Ерманның көзі жасына ерік бергенін байқаған.

“Қанша ғұмыры қалды дейсің”, “Көз алдына өткен өмірі келген шығар”, “Айтысты жүргізіп, сахнаға шығатын кезін сағынған болар”, деп жазды олар.