Ақтөбеде ұры ерлі-зайыпты мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, тонап кетті

Содан кейін ұры қарттардың 20 мың теңге көлеміндегі соңғы ақшасын алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Ақтөбеде ұры ерлі-зайыпты мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, тонап кетті
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде ұры өзгенің үйіне кіріп, екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып, тонап кеткен, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полицияның мәліметінше, 17 қаңтарға қараған түні белгісіз ер адам өзгенің үйіне терезеден кіріп, 72 жастағы 2-топтағы мүгедек зейнеткер мен оның 1-топтағы мүгедек әйелін көсеумен ұрып, дене жарақатын салған. Содан кейін ол қарттардың 20 мың теңге көлеміндегі соңғы ақшасын алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Ол ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.