Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО-да өзен суының өзі литрі 1 мың теңгеден сатылып жатыр

"Енді әркімнің өзенге баруға мүмкіндігі бола бермейді ғой", - дейді Николай. 

ШҚО-да өзен суының өзі литрі 1 мың теңгеден сатылып жатыр
фото: дереккөз

Өскеменде өзен cуының 1 литрі мың теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде "Хамир өзенінен алынған "Крещение суының" 1 литрі 1000 теңгеден, зейнеткерлерге 800 теңгеге сатылады және жеткізу тегін" деген мазмұндағы хабарлама жүр.

"Әдеттегі әзіл-қалжың емес екендігіне көз жеткізу үшін хабарландыру авторымен байланысқа шықтық. Есімі Николай екен. "Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды. Бүгін екі тапсырыс болды. Өткен жылғы бұл мерекеде де осы Хамир өзенінен су тасып жүрдім. Сол кезде де тұрғындар хабарласып, "қасиетті суды" ақшаға сатуымды сұрап жатты. Енді әркімнің өзенге баруға мүмкіндігі бола бермейді ғой", - дейді Николай.

Ал Данииловский шіркеуінің аға попы Михаил Арабов шіркеуде "қасиетті судың" тегін таратылып жатқанын айтады.